RU
Орал-Атырау тас жолында апат: бір адам қаза тауып, тоғызы жараланды
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Орал-Атырау тас жолында апат: бір адам қаза тауып, тоғызы жараланды

Рассказать Вконтакте

Ақжайық ауданының Богатск кентіне жақын маңда екі көлік соқтығысты. Салдарынан бір адам көз жұмып, тоғызы зардап шекті деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Орал-Атырау тас жолында апат: бір адам қаза тауып, тоғызы жараланды

Орал-Атырау тас жолында апат: бір адам қаза тауып, тоғызы жараланды

Жол апаты кеше күндіз сағат 16:30 шамасында Орал-Атырау тас жолында болды. Куәгерлердің айтуынша, "Нексия" мен "ВАЗ-21099" көліктері соқтығысқан.

БҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Нұрданат Беркінғали жол апатынан 9 адам зардап шеккенін, бір әйел жедел жәрдем келгенше көз жұмғанын мәлімдеді.

"47 жастағы ер адам облыстық клиникалық ауруханаға жеткізілді. Тағы екеуі Ақжайық аудандық ауруханасына жүгінді", — деді Беркінғали.

Айта кетсек, кеше шұғыл қызмет ауа райының қолайсыздығына байланысты дабылды ескерту жариялаған болатын. Көктайғаққа байланысты барлық бағыт бойынша тас жолдар жабылды.

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
2
1
2
4
1
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір