RU
Трамп қайта президент болған Путинге не үшін хабарласқанын айтты
Жаңалықтар Әлемде

Трамп қайта президент болған Путинге не үшін хабарласқанын айтты

Рассказать Вконтакте

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей лидері Владимир Путинге қоңырау шалып, оны Ресей президенті сайлауындағы жеңісімен құттықтау себебін түсіндірді деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Трамп

Трамп және Путин

«Мен сайлаудағы жеңісімен құттықтау үшін Ресей президенті Путинге хабарластым (өткен жылы Обама да оған қоңырау соққан болатын). Кейбір бұқаралық ақпарат құралдары естерінен тана жаздады, себебі, менің оны сынағанымды қалады. Олар қателеседі! Ресеймен (және басқа елдермен) қарым-қатынасты жақсарту – бұл жаман емес, жақсы», - деп жазды Трамп өз Твиттер парақшасында.

Ол Солтүстік Корея, Сирия, Украина, ДАИШ (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) айналасындағы мәселелерде де және «қаруланудағы алдағы жарыста да» Ресеймен бір мәмілеге келуге болатынын атап өтті.

«Буш қарым-қатынасты реттегісі келді, бірақ, оның тапқырлығы жетпеді. Обама мен Клинтон да талпынды, бірақ, оларда энергия мен химия болмады», - деп жазды АҚШ президенті.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
3
2
0
3
18
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel