RU

Тоғыз жасар ақтөбелік "ди-джей" өнерімен көпті сүйсінтті (видео)

9 жастағы Ислам Халиуллин көпшілікті өнерімен тәнті етті. Ақтөбеде балаларға жаңадан ашылған демалыс орнында ол музыкалық жабдықтарды өзі басқарып тұрды деп хабарлайды «Тілші».

9 жасар ақтөбелік "ди-джей" өнерімен көпті сүйсінтті (видео)
9 жасар ақтөбелік "ди-джей" өнерімен көпті сүйсінтті (видео): UGC

Ислам ди-джейлікті әкесінің достарынан үйренген екен. Тіпті, үлкендерге қолқа салып, ди-джейліктің арнайы мектебінде оқыған.

«Бесінші класта оқимын. Достарым мені мақтан тұтады. Тіпті, еркелетіп, жер бетіндегі ең мықты ди-джей деп жатады. Әрине, өзіме ди-джей болған қатты ұнайды. Мені бала демеңіз, амандық болса, болашақта осы бағытта жұмыс істегім келеді», — дейді Ислам «Тілшіге» берген сұхбатында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1722802-togyz-zasar-aktbelik-di-dzej-nerimen-kpti-sjsintti-video.html