RU
Ұл баланы қалаған әке үш айлық қызын сабап, басын жара жаздады
Жаңалықтар Әлемде

Ұл баланы қалаған әке үш айлық қызын сабап, басын жара жаздады

Рассказать Вконтакте

АҚШ-тың Огайо штатында 33 жастағы Джейсон Биттнер үш айлық қызы тым көп жылай беретіндіктен оны сабап тастаған. Оған қоса, азамат ұлды болуды қалапты деп хабарлайды life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: life.ru

Фото: life.ru

Ауыр соққының нәтижесінде, нәрестенің миы шайқалып, оннан астам жарақат алған. Қатыгез әке балаға күш көрсеткені үшін айыпталып жатыр.

Айта кету керек, Джейсон Огайо штатында дәрегер болып қызмет етеді. Әйелі оған екі қыз туып берген. Өткен жылдың қараша айында екінші сәби дүниеге келгенде, ата-аналар естелік суретке түсіп, қуанышты жүздерін көрсеткен. Алайда шын мәнінде, Джейсон оған аса қуанбапты.

Қызын әбден ұрып тастаған азамат оны ауруханаға қайғылы оқиға болды деп, өзі алып келген. Қазір полиция істі тергеп-тексеру амалдарын жүргізіп жатыр. Ал Джейсон қамауға алынған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
4
14
3
1
9
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel