RU
Бүгін Қазақстанның бірнеше өңірінде қатты жауын-шашын күтіледі
Жаңалықтар Қоғам

Бүгін Қазақстанның бірнеше өңірінде қатты жауын-шашын күтіледі

Рассказать Вконтакте

23-25 наурызда Қарағанды, Ақмола, Солтүстік-Қазақстан, Қостанай және Павлодар облыстарында жауын-шашын мен жылы ауа температураларының күтілуіне байланысты еріген ағын қалыптасу, су деңгейлерінің көтерілуі мен жайылмалық аудандарға судың шығу қауіпі бар деп хабарлайды РМК Қазгидрометке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото желіден алынды

Көрнекі фото желіден алынды

23-24 наурызда Батыс-Қазақстан, Атырау, Ақтөбе облыстарында ауа температурасының жылынуы мен жауын-шашын күтілуінебайланысты, Ақтөбе облысында кей жерлерде қарқынды еріген ағын қалыптасу, су деңгейлерінің көтерілуі мен жайылмалық аудандарға судың шығу қауіпі бар.

23-26 наурызда Шығыс-Қазақстан облысында ауа температураларының жылынуы жалғасуына байланысты және кей жерлерде қарқынды жаңбыр күтілуіне байланысты мұз жамылғысының бұзылуы, өзен арналарының қысылуы, жергілікті және баурайлы ағынның қалыптасуы мен су деңгейлерінің көтерілуі және жайылмалық аудандарға су шығу үрдістері жүруі мүмкін.

23-26 наурызда Алматы, Жамбыл облыстарында жауын-шашын, кей жерлерде қарқынды күтілуі мен оң мәнді ауа температураларының сақталуына байланысты жергілікті және баурайлы ағындардың қалыптасуы, су деңгейлерінің ауытқуы мен көтерілуі күтіледі.

23 наурызда Алматы қаласында қатты жаңбыр күтіледі. 23-25 наурызда Оңтүстік-Қазақстан, Қызылорда облыстарында жауын-шашындар, күндіз кей жерлерде қаттыкүтілуі мен жылы ауа-райының сақталуына байланысты, су деңгейлерінің көтерілуі және жайылмалық аудандарға су шығу үрдістері жүруі мүмкін.

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
4
1
0
0
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір