RU
Алматылықтар 2000 литрлік кеседен сүт қосылған шай ішіп қуанды
Жаңалықтар Қоғам

Алматылықтар 2000 литрлік кеседен сүт қосылған шай ішіп қуанды

Рассказать Вконтакте

Биыл Наурыз мерекесінде Қазақстан рекордтар кітабындағы көрсеткіш жаңарды. Алматыда 2000 литрлік кесемен халыққа шай берілген деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото желіден алынды

Көрнекі фото желіден алынды

22 наурызда қаладағы Арбат алаңында сыйымдылығы 2000 литр, биіктігі 2,5 метрден асатын 1 кесе сүт қосқан шай дайындалды. Осылайша, еліміздегі ең үлкен рекордтық кеседен тұрғындарға шай таратылған.

Айта кету керек, Арбатта әлемдегі ең үлкен құрақ көрпені тігу басталды. Жоспар бойынша 25 500 шаршы метрлік көрпе 20 қыркүйекке таман тігіліп бітетін болады. Қазір мұндай көрпенің рекорды Португалия ісмерлеріне тиесілі. 2000 жылы олар 25100 шаршы метр көрпе құраған еді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
3
1
1
17
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel