RU

Мексикалықтар "Наурыз" мерекесін қалай атап өтеді?

Мексиканың Теотиуакан қаласында орналасқан «Күн пирамидасына» жүздеген адам жиналып, күн мен түннің теңелген уақытын күтеді деп хабарлайды 24.kz арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото желіден алынды
Көрнекі фото желіден алынды: UGC

Теотиуакандағы халық жыл сайын 20 наурыз күні «Күн пирамидасының» жанында күн мен түннің теңелгенін атап өтеді. Олар арайлап атқан таңды тамашалау арқылы бір жылға жететін қуат аламыз деп есептейді екен.

Мерекелік шараға жергілікті тұрғындармен қатар шетелдік туристер де келетін көрінеді. Әртістер пирамида етегінде Американың байырғы тұрғындарын бейнелейтін киімдер киіп, жиналғандарды ерекше атмосфераға бөлейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1722835-meksikalyktar-nauryz-merekesin-kalaj-atap-tedi.html