RU
ШҚО-да бір тәулікте 19 үй мен 6 көшені су басып кетті (видео)
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

ШҚО-да бір тәулікте 19 үй мен 6 көшені су басып кетті (видео)

Рассказать Вконтакте

Шығыс Қазақстан облысында 19 үйді су басқан. ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, тәулік ішінде облыс бойынша 19 үй, 61 аула мен 6 көше суға кеткен деп хабарлайды 24.kz арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Бір Өскеменнің өзінде 13 жер үйге, 1 бес қабатты үйге су кірген. Облыс орталығында көшелер де суға толды. Төтенше жағдайдан видеоларды әлеуметтік желі қолданушылары өз парақшаларында жариялауда.

Қар ең көп жауатын аудандардың бірі саналатын Глубокое ауданының екі бірдей елді мекені қар суынан зардап шекті. Белоусовка кентінде 4 үйді, Жаңа Үлбі елді мекенінде 1 үйді су алған.

Ал Шемонаиха ауданында 33 үйдің ауласына су кіріп, деңгейі 20 сантиметрге дейін жеткен. Төтенше жағдай мамандары судың жолын тосу үшін бір тәулік ішінде құм салынған 61560 қап төсеп, 3440 текшме метр су сорған. Оларға көмекке Ұлттық ұлан сарбаздары көмекке келді. Осы жұмыстарға 36 техника жұмылдырылды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
3
1
2
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel