RU
Жанар Дұғалова баланың тұсауын кесемін деп, сынның астында қалды (видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Жанар Дұғалова баланың тұсауын кесемін деп, сынның астында қалды (видео)

Рассказать Вконтакте

Денсаулығы сыр беріп, дәрігерлер билеуге тыйым салған әнші Жанар Дұғалова "Наурыз" мерекесінде ел алдында өнер көрсетіп, бүлдіршіннің тұсауын кесті деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Әнші өзінің Instagram желісіндегі жеке парақшасында Әлихан есімді баланың тұсауын кесіп жатқан сәттен видео жариялаған.

Оны көрген желі қолдаунышалары әншіге "жұғысты болсын" деген тілек айтып, қарапайымдылығына сүйсінді. Ал кейбірі тұсау кескенін "бұрыс" көріп, сынның астына алды.

oserhanmulkibae: "Жұғысты болсын! Сол бақытқа өзің де жет"

bolat_insta_: "Жанар апасы сияқты ақылды болсын"

bauyrzhan.ordabek: "Кестіретін адам тауыпты"

musl_mkz: "Көпшілік тұсау кесудің мәнін түсінбейтін сияқты. Қыз бала болса бір жөн, ұл баланы Жанар Дұғаловаға қандай ырыммен кестіріп тұр? Өздері түсінеді ма екен? Үлкен ақсақалдарға немесе имамдарға кестірсе болмас па екен?", - деп пікір қалдырған.

Еске салсақ, осыған дейін Жанар Дұғалова ұзақ уақыт сахнадан көрінбей кетуінің себебін түсіндіріп, денсаулығы сыр бергендіктен, дәрігерлер ұзақ уақыт бір орында тұруға және билеуге тыйым салғанын айтқан болатын.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
30
2
4
4
6
47
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір