RU
Артық салмағы үшін клубқа кіре алмай қалған бойжеткен шағымын айтып жылады
Жаңалықтар Калейдоскоп

Артық салмағы үшін клубқа кіре алмай қалған бойжеткен шағымын айтып жылады

Рассказать Вконтакте

Аргентина тұрғыны Августина Риос Мартинес досының туған күніне артық салмағы үшін кіргізбей қойғанын айтып шағымданды деп хабарлайды Lenta.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы.

Августина Риос Мартинес. Фото: Facebook

Августина Риос Мартинес. Фото: Facebook

Августина Риос Мартинес Буэнос-Айрестегі клубтардың біріне жігітімен бірге келеді. Олар досының туған күніне қатыспақ болапты. Алайда күзетші бойжеткенді ішке кіргізбей қояды. Оған қоса ауыр сөздер айтып ренжіткен екен.

"Сен бұл жерге келетін қыздарға ұқсамайсың және мүлдем сай келмейсің", - деп көңілін түсірген.

Осыдан кейін Мартинестің үйге қайтудан басқа амалы қалмайды.

"Мені осыған дейін де мазақтайтын, ашуыма тиетін. Бірақ бұлай ешкім қорламаған", - дейді ол.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
1
5
2
2
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір