RU
Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызының күйеуі "күміс" медальмен марапатталды (фото)
Жаңалықтар Кино и ТВ

Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызының күйеуі "күміс" медальмен марапатталды (фото)

Рассказать Вконтакте

Елімізге танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызының жолдасы, «Оқжетпес» демалыс кешенінің басшысы Қайрат Беркінбаев Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданында өткен Наурыз мерекесін тойлау шарасында күміс медальға ие болды деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ
Source: UGC

Бұл марапат тележүргізушінің күйеуіне «Туған жерді түлету – перзенттің парыз» жобасы аясында, өзі–туып өскен өңірге қолдау көрсетіп, 200 млн теңгеге туған жері Созақ ауданында М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебінің ғимараты мен «Қайрат» балабақшасын салып бергені үшін табысталды.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ
Source: UGC

«Туған жерді түлету – перзенттің парыз» жобасы аясында алтын медальға ие болғандар қатарында 280 млн теңгеге Шымкент қаласынан коррекциялық балабақша салып берген Шымкенттің бұрынғы әкімі, қазіргі кәсіпкер Қайрат Молдасейітов, 221 млн теңгеге Төлеби ауданындағы Сарқырама ауылының орталық көшелеріне бірдей қоршау орнатқан Мұрат Төлтебаев және тағы басқалары бар. Түрлі деңгейдегі медальдарды кәсіпкер азаматтарға облыс әкімі өз қолымен табыстады.

Сіздің реакцияңыз
2
9
7
3
4
46
7
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel