RU
Наурыз тойына әбден дайындалған ОҚО әкімі ерекше костюмімен көзге түсті (фото, видео)
Жаңалықтар Қоғам

Наурыз тойына әбден дайындалған ОҚО әкімі ерекше костюмімен көзге түсті (фото, видео)

Рассказать Вконтакте

ОҚО-да өткен дүбірлі "Наурыз" тойыына облыс әкімі Жансейіт Түймебаев арнайы тіктірілген, қазақшы оюлы костюммен келді деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ.тілшісі.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Оңтүстік жұртшылығы Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесін Қазығұрт тауының етегінде дүркіретіп атап өтті. Бұл шараға арнайы қатысып, жұртшылықты көптен күткен мерекемен құттықтаған облыс әкімі Жансейіт Түймебаев қазақи нақыштағы оюлармен өрнектелген ерекше костюмімен көзге түсті.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Тізеге дейін түсетін қанық көк түсті костюмнің жағасы және екі қалтасы мен түймелері бекітілетін тұсынан ұлттық нақыштағы оюларды байқауға болады.

Киіз үйлерді аралап, халықты мерекемен құттықтап жүрген аймақ басшысынан бұл образы туралы журналистер қауымы сұрап үлгерген.

йКостюміңізді арнайы тіктірдіңіз бе, әлде сатып алдыңыз ба? деген сауалға жауап берген Түймебаев мырза "Иә, осы шараға арнайы тіктірдік қой" деп, ағынан жарылды.

Айта кетейік, Наурыз мерекесі биыл Оңтүстік Қазақстан облысында «Наурыз Қазығұрттан басталады» атты шарамен Қазығұрт ауданында аталып өтті. Салтанатты шарада сөз алған облыс әкімі Наурыз тойын дәл осы ауданда тойлаудың мәні мен мағынасын жұртшылыққа түсіндіріп берді. Сонымен қатар Түймебаев енді Наурыз мерекесін жыл сайын осы ауданда тойлау дәстүрге айналатынын жеткізді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
2
2
46
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір