Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ОҚО-да ләңгі тепкенді жақсы көретін шенеунік елмен бірге асық ойнады (видео, фото)

Опубликовано:

Оңтүстік Қазақстан облысында ұлттық спорт ойын түрлерінен жарыс ұйымдастырған сымбатты шенеунік қатысушалрмен қосылып асық ойнап, қызығына кіріп кетті деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

ОҚО-да ләңгі теуіп, асық атуды жақсы көретін шенеунік елді күлкіге қарық қылды (видео, фото)
ОҚО-да ләңгі теуіп, асық атуды жақсы көретін шенеунік елді күлкіге қарық қылды (видео, фото): UGC

Бұған дейін ләңгі теуіп елді өзіне қаратқан облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасының басшысы Әлібек Нұртаев бұл жолы асық атудың шебері екенін көрсетті.

Наурыз мерекесіне орай Қазығұрт тауының етегінде құрылған этноауылда салт-дәстүрді насихаттайтын шағын қойылымдар мен асық ату, қол күресі, кір көтеру, көкпар сынды ұлттық ойын алаңдары ұйымдастырылды. Онда өңірдің түкпір-түкпірінен келген тұрғындар өз өнерлерін ортаға салып, спорттық сындарда бақтарын сынады. Ал жастар қауымы бірнеше жерге орнатылған алтыбақанның қызығын көрді.

ОҚО-да ләңгі теуіп, асық атуды жақсы көретін шенеунік елді күлкіге қарық қылды (видео, фото)
ОҚО-да ләңгі теуіп, асық атуды жақсы көретін шенеунік елді күлкіге қарық қылды (видео, фото): UGC

Спорттық ойындардың басты ұйымдастырушысы болып табылатын облыстық спорт басқармасының басшысы қатысушылармен бірге асық атып, қызығына кіріп кетті. Әрине, шенеунік додада бағын сынаған жоқ. Тек қатысушыларға асықты қалай дұрыс ойнау керектігін көрсетіп берді.

Айта кетейік, өткен жылдың соңында Шымкентте өткен асық ату мен ләңгі тебу облыс біріншілігінде басқарма басшысы Әлібек Нұртаев ләңгі теуіп, елдің көзіне түскен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1722863-oko-da-lgi-tepkendi-zaksy-kretin-seneunik-elmen-birge-asyk-ojnady-video-foto/

pixel