RU
Бейбіт Шүменов кәсіби боксқа неліктен қайта оралғанын айтып берді (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Бейбіт Шүменов кәсіби боксқа неліктен қайта оралғанын айтып берді (видео)

Рассказать Вконтакте

Бірінші ауыр салмақтағы WBA және жартылай ауыр салмақтағы WBA Super тұжырымдары бойынша әлем чемпионы болған 34 жастағы қазақстандық кәсіпқой боксшы Бейбіт Шүменов Ләйлә Сұлтанқызының The Эфир жобасында қонақта болып, өмірінде болған қиындықтармен бөлісті. Сондай-ақ спортшы боксқа не себепті қайта оралғанын айтып берді деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Бейбіт Шүменов кәсіби боксқа неліктен қайта оралғанын айтып берді (видео)

Бейбіт Шүменов кәсіби боксқа неліктен қайта оралғанын айтып берді (видео)
Source: UGC

"Көп адам біле бермейді. 2008 жылы сол көзімнен жарақат алып, соның ісерінен бір көзім көрмей қалды. 2010 жылы әлем чемиондығын сол бір көзбен жеңіп шықтым", - деген спортшы денсаулығының сыр беруіне байланысты кәсіби бокстан уақытша кеткенін мәлім етті.

Осыдан кейін бірнеше ота жасатып, ұзақ уақытын денсаулығын қалпына келтіру үшін бөлген азамат бүгінде барлығы жақсы дәрежеде екенін жеткізді.

Сондай-ақ 35 жастағы Шүменов сұхбат барысында жеке өмірі туралы да айтудан бас тартпады.

"Мен бойдақпын. Құдай қаласа, жоспарым бойынша жақсы қыз тауып, үйленсем деген ойым бар. Бірақ қазіргі таңда оны ойлап жүрген жоқпын. Спортты осы дәрежеге дейін жеткен соң, оны аяғына дейін жеткізгім келіп тұр", - деді ол.

Айта кетейік, 2017 жылдың сәуір айында Шүменов кубалық Юниеру Дортикоспен кездесу өткізуі керек еді. Алайда қазақстандық боксшының жарақат алып қалуына байланысты ол жарыс кейінге қалдырылды. Ал маусым айындаспортшы бірінші ауыр салмақтағы WBA чемпиондық титулдан бас тартып, көзінің жарақатына байланысты бокстан кететінін мәлімдеген.

Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
1
7
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel