Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ОҚО облыстық сотындағылар Фемида мүсініне қазақша көйлек пен сәукеле кигізіп қойды (фото)

Опубликовано:

ОҚО сотындағылар Наурыз мерекесіне орай Фемида мүсініне қазақтың ұлттық көйлегін киuгізіп қойды деп xабарлайды NUR.KZ порталы.

Фото желіден алынды
Фото желіден алынды: UGC

Желіде қазақтың ұлттық көйлегін киген сот төрелігінің құдайы - Фемида мүсінінің суреті тарап, қызу талқыға түсті. Оны шымкенттік тұрғын өз парақшасына салған.

Бір қызығы, Фемида мүсінін қазақиландырғысы келгендер оған сәукеле кигізуді де ұмытпапты. Аталмыш фотоға қатысты облыстық сот қызметкерлерінің пікірін сұраған журналистерге "фотоның шындыққа сай келетінін" айтып баққан.

Яғни, Ұлыстың ұлы күнін тойлаған соттағылар Фемида мүсінін осылайша сәндеп қойыпты. Мүсінге тек бір күн, яғни, 20 наурызда ғана ұлттық болмыстағы көйлек кигізілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1722882-oko-oblystyk-sotyndagylar-femida-msinine-kazaksa-kjlek-pen-sukele-kigizip-kojdy-foto/

pixel