RU
Қарағанды облысында су тасқыны болды (фото)
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Қарағанды облысында су тасқыны болды (фото)

Рассказать Вконтакте

Тоқтаусыз жауған жаңбыр мен қардың еруінен Қарағанды облысындағы Теміртау және Абай қалаларында бірнеше үйді су басты деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Қарағанды облыстық ТЖД

Фото: Қарағанды облыстық ТЖД
Source: UGC

Төтенше жағдайлар департаментінің ресми мәліметіне сүйенсек, кеншілер қаласында жеті үй мен ауланы су басқан.

Қазір оқиға орнында құтқарушылар мен жергілікті билік өкілдері табиғи апат салдарымен күресу жұмыстарын жүргізуде.

Фото: Қарағанды облыстық ТЖД

Фото: Қарағанды облыстық ТЖД
Source: UGC

Мамандардың айтуынша, әсіресе Көкпекті ауылындағы Бұқар Жырау ауданында су басу қаупі жоғары. Осыған дейін де Көкпекті ауылын бірнеше рет су шайған болатын.

Қазір ауылда су арнасын бұру, құм себу сияқты тарату жұмыстары атқарылып жатыр.

Фото: Қарағанды облыстық ТЖД

Фото: Қарағанды облыстық ТЖД
Source: UGC

"Қардың үздіксіз еруінен республикалық маңызы бар "Қарағанды-Аягөз-Бұғаз" тасжолы мен облыстық маңызы бар "Қоянды-Егіндібұлақ-Бүркітті", "Ынталы-Бесоба" жолдарынан су ағып келген.

Оқиға орындарына ескерту белгілері орнатылып, онда құтқарушы қызметкерлер кезекшілік етуде. Елді мекендерді су шаю қаупі жоқ", - дейді Қарағанды облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз
1
2
0
0
1
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel