RU
Танымал шенеуніктің әйелі Гүлнұр Оразымбетова мерекеге орай гонорарын өсіріп жіберді (фото)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Танымал шенеуніктің әйелі Гүлнұр Оразымбетова мерекеге орай гонорарын өсіріп жіберді (фото)

Рассказать Вконтакте

Биыл мемлекет наурыз мейрамының құрметіне 5 күндік демалысты ұсынып отыр. Бұл күндері қарапайым қараша уақытының басым бөлігін серуенге арнап, туыстарының қасында тойлауды қаласа, әншілер қауымы үшін нағыз қаржыға кенелетін сәт екен. Ұлыстың ұлы күні қарсаңында жұлдыздардың қаламақысы екі есеге өсетін көрінеді. Бұл ақпаратты NUR.KZ тілшісіне эксклюзивті сұхбат берген әртістер растап отыр.

Танымал шенеуніктің әйелі Гүлнұр Оразымбетова мерекеге орай гонорарын еселеп жіберді

Танымал шенеуніктің әйелі Гүлнұр Оразымбетова мерекеге орай гонорарын еселеп жіберді

Олардың қатарында «Меломен» тобы бар.

«Мереке күні гонарарымызды екі есеге өсіріп қоямыз. Ол дұрыс, ол ақиқат. Жалпы бұл саудаға тән ғой. Мысалы бағасын бірнеше пайызға түсіріп сататын кез болады. Одан кейін 8-ші наурыз күні гүлдердің бағасы қымбаттайды. Сол сияқты наурыз мейрамында да әншілердің бағасы қымбаттап жатады. Көріп те жүрміз, өзіміздің басымызда да болып тұрады», - дейді «Меломен» тобының жігіттері.
Танымал шенеуніктің әйелі Гүлнұр Оразымбетова мерекеге орай гонорарын еселеп жіберді

Танымал шенеуніктің әйелі Гүлнұр Оразымбетова мерекеге орай гонорарын еселеп жіберді

Мереке күндері қалтасын қалыңдататын жұлдыздар «Меломендік» жігіттермен шектелмейді. Аталмыш топтың тәсілін Гүлнұр Оразымбетова да қолданатын болып шықты.

«Негізі мереке күндері қаламақымыз көбейеді. Ол енді біздің еңбегіміз ғой. Биыл мен 22 күні тікелей эфирде өткіземін. Одан кейін тапсырыстар бойынша өнер көрсетемін. Мен 5 демалыс күнді Астана қаласында өткіземін», - дейді Гүлнұр Оразымбетова.

Айқын Төлепберген де 5 күндік демалысты халықтың ортасында атап өтеді. Мәселен, әнші 21 наурыз күні Петропавл тұрғындарын өнерімен тәнті етсе, 22 күні өскемендік өнер сүйер қауымға көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды. 23 күні Қызылордадағы тыңдарманымен бірге. Бірақ мереке күндерін пайдаланып, гонарарын екі есеге өсіретін әріптестерінің әрекетін ашкөздік деп топшылайды.

Танымал шенеуніктің әйелі Гүлнұр Оразымбетова мерекеге орай гонорарын еселеп жіберді

Танымал шенеуніктің әйелі Гүлнұр Оразымбетова мерекеге орай гонорарын еселеп жіберді

«Қаламақыны көтеру дұрыс емес, керек емес нәрсе. Істеп жатқан еңбегің сол бұрынғыдай. Елдің бәрі сұраныс білдіріп жатыр екен деп, бағаны көтере беру ол кішкене ақшаға құмарлық деп ойлаймын. Мысалы менде бір қойылған баға бар, сол бағаға қанағат етіп, жұмыс істей беру керек. Жаңа жыл келді, наурыз келді екі есеге көбейтеміз деген өте дұрыс емес нәрсе», - дейді Айқын Төлепберген.

Қаламақасын шарықтатқан әншілердің қылығы Қапкарашканың да қытығына тиіп отыр. Нұржан Керменбаев ұлыстың ұлы күнін өзінің туған жері Жезқазған қаласында, ет-жақындарының жанында тойлап жатыр Бірақ мереке кезінде халықтан қомақты қаржы талап ететін танымалдардың тізімінен емес екенін айтады.

Танымал шенеуніктің әйелі Гүлнұр Оразымбетова мерекеге орай гонорарын еселеп жіберді

Танымал шенеуніктің әйелі Гүлнұр Оразымбетова мерекеге орай гонорарын еселеп жіберді

«Мереке күндері бағаны шарықтатып қоятын әріптестеріміз бар. Бірақ мен ондай әншілердің қатарынан емеспін. Мен үшін сол бір баға. «Менде мына күні мынадай баға, ана күні анандай баға» - деген түсінік жоқ. Мен үшін Алланың берген әрбір күні өзінше ерекше. Бізде болады той науқаны басталған кезде аздап қосатынымыз бар. Бірақ екі еселеп ешқашан қосқан емеспін», - дейді Нұржан Керменбаев.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
64
5
8
4
5
16
5
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір