RU
Қайрат Нұртас жұбайының ел алдына шығуы танымалдылығына қалай әсер еткенін ашық айтты (фото)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Қайрат Нұртас жұбайының ел алдына шығуы танымалдылығына қалай әсер еткенін ашық айтты (фото)

Рассказать Вконтакте

Күні кеше Алатау баурайында қатарынан екі концертін өткізген Қайрат Нұртас біраз құпияның құлпын ашты. NUR.KZ тілшісіне сұхбат берген өнер иесі жұбайын жұртқа таныстырғалы өзінің танымалдылығы одан бетер артып, өмірмен қатар, өнер жолында да Жұлдыз Әбдікәрімованың берекелі жар бола білгенін жасырмады.

Қайрат Нұртас

Қайрат Нұртас

Бүгінде хитменге құштар фанаттарының саны күрт көбейген көрінеді.

«Жұлдызды таныстырғалы қазір жанкүйерлерім мүлдем көбейіп кетті. Шынымды айтсам жанкүйерлерім оған қарамайды. Маған ғашық жанкүйерлерімді қарындасымдай сыйлаймын да. Олар да менің аға ретінде сыйлап кеткен. Біздің өміріміз басқа жаққа қарай ауысты. Сондықтан ешқандай жанкүйерлерім азайған жоқ, қайта көбеймесе. Жұлдыз келіп қайта береке болып, көбейіп жатырмыз», - дейді әнші.

10 жыл бой жұрт назарынан тыс жерде жүрген Жұлдыз бала тәрбиесіне де салғырттық танытпаған. Қайрат ән-сапардан шаршап келгенде ұл-қыздары әкесінің қас-қабағын жіті бақылап отырады екен.

«Ең мықты тәрбие – ананың тәрбиесі ғой. Жұлдызға менің разы болатыным, мен келген кезде6 бір көз қырыммен қарайтын болсам, балаларым үндемей қалады. Балаларым кәдімгідей: «Әкем келді, әкем келді» - деп қуанады. Біз бұрын тыныш отыра қалатын едік қой, қазір менің балаларым тура солай. Жұлдыз: «Ойбай, әкең келе жатыр. Тыныш отыр», - деп тәрбие беріп тастаған. Сондықтан тәрбиенің барлығы Жұлдыздан. Жұбайыма мың да бір рахмет. Екіншіден менің әкем өзі Астанада тұрады. Көбінесе немерелерін өзінің қасына алып, әкемнің тәрбиесін көріп жатыр. Мен көрген тәрбие - әкемнің тәрбиесі. Сондықтан да менің балаларым жаман болмайды деп ойлаймын», - дейді жұлдызды әке.

Сезім, Алау, Нарұл және Хан. Қайрат пен Жұлдыз бүгінде қос қыз бен екі атұстарды тәрбиелеп отыр. Жарасымды жұптың төрт перзенті Астана мен Алматыда өткен әкесінің концертінде сахнаға шығып, өнерлерін паш еткен болатын. Бірақ Нұртастың ұлы жас өрендердің әке жолын қуғанын құп көрмейді.

«Мұндай концертті олардың көргені дұрыс болды. Себебі мен шаршап келген кезде, қаншама концерттерді қойып келген кезде сәл ашуланып қалған кезде олар: «Неге ашуланасыз? Неге ұйықтай бересіз? Сабырлы болсаңызшы», - деп маған айтатын. Сол кезде мен: «Балам, мен қаншама концерт қойып келдім. Шаршап келдім. Қалай ұйықтамайсың?» - деймін.
Сондықтан бұлардың көргені дұрыс болды. Өздері бір рет қана сахнаға шығып: «Ойбай, мен шаршадым, шаршадым», - дейді байқасам. Содан кейін мен: «Енді көрдіңдер ме, әкелеріңнің қадірін? Түсіндіңдер ме?» - деп айтып жатырмын балаларыма», - дейді Қайрат Нұртас.
Қайрат Нұртас

Қайрат Нұртас

Сондай-ақ, танымал әнші төрт перзентпен тоқтап қалмайтынын айтады. Жұлдызды жұптың ендігі жоспары еліміздің демографиясына өлшеусіз үлес қосу.

«Басыма бұйыртқаны болар. Көп бала болған жақсы ғой. Көп бола берсін. Тоқтамаймыз ғой шама келгенше. Құдай қаласа бола береді», - деп ағынан жарылған Қайрат, көп баланың әкесі болғысы келетінін де жасырмады.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
44
2
4
1
4
50
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір