RU

Бүгін еліміздің көп бөлігінде жел күшейіп, жауын-шашын болады

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты құбылмалы болып, бұрқасын соғып, жауын-шашын жауады деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Күндіз Қазақстанның шығыс өңірінде нөсер жауын жауып, көктайғақ және тұман болады деп күтілуде. Сонымен бірге жел күшейіп, бұрқасын соғуы ықтимал.

Сондай-ақ, еліміздің оңтүстік-батыс өңірінде шаңды дауыл соғып, ал оңтүстік бөлігінде найзағай ойнауы мүмкін.

Солтүстік өңірлерде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ге дейін жетіп, жел үдеуі мүмкін.

Ақмола, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, найзағай боып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Маңғыстау, Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей жерлерінде шаңды дауыл соғады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейіп, күндіз екпіні 23-28 м/с болуы ықтимал.

Алматы облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, жауын жаууы ықтимал.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1722909-bgin-elimizdi-kp-bliginde-zel-ksejip-zauyn-sasyn-bolady.html