RU
Үйлеріңді тастап, қашыңдар: Дамбы жарылады деген ақпарат ШҚО тұрғындарын дүрліктірді
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Үйлеріңді тастап, қашыңдар: Дамбы жарылады деген ақпарат ШҚО тұрғындарын дүрліктірді

Рассказать Вконтакте

Кеше Шығыс Қазақстанның Глубокое ауданында Алтай су бөгетінің дамбысы жарылғалы тұрғаны туралы ақпарат тараған болатын. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті аталмыш хабарламаның негізсіз екенін мәлімдеді деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Үйлеріңді тастап, қашыңдар: Дамбы жарылады деген ақпарат ШҚО тұрғындарын дүрліктірді

Үйлеріңді тастап, қашыңдар: Дамбы жарылады деген ақпарат ШҚО тұрғындарын дүрліктірді

«WhatsApp» желісі арқылы тараған аудиожазбада әлдебір әйел Глубокое ауданының Предгорное ауылы тұрғындарына Алтай дамбысының бір сағаттың ішінде жарылатыны туралы айтылған. Ол тұрғындарды құжаттары мен ең қажет деген заттарын жинап, үйлерін тастап қашуға шақырған.

Осы ақпараттан соң Төтенше жағдайлар департаменті мен «Шығыс су» мекемесінің мамандары аталған бөгет орналасқан Алтай кентіне барып, жағдайды тексеріп келді.

«Жағдай тұрақты. Су бөгеттің ернеуіне жетпеген. Әлі де орын бар. Оның үстіне бөгеттің суағары ақаусыз жұмыс істеп тұр», - дейді төтенше жағдай департентінің баспасөз қызметі.

Аталмыш хабарламаның мән-жайын құқық қорғау орындары анықтайтын болады. Төтенше жағдайлар департаменті осыған ұқсас жалған хабарламаларды қасақана мессенджерлер арқылы тарату заңмен қудаланатынын ескертеді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
1
4
1
2
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір