RU
Дабылды ескерту: Астанадан шығатын барлық жолдар жабылды
Жаңалықтар Сіз білмейтін қызықтар

Дабылды ескерту: Астанадан шығатын барлық жолдар жабылды

Рассказать Вконтакте

Ауа райы қолайсыздығына байланысты Астанадан шығатын барлық жол жабылды деп хабарлайды "109" қызметіне сілтеме жасаған Sputnik Қазақстан агенттігі.

Дабылды ескерту: Астанадан шығатын барлық жолдар жабылды

Дабылды ескерту: Астанадан шығатын барлық жолдар жабылды
Source: UGC

"Ауа райы қолайсыздығына байланысты (бұрқасын, боран, жолдың көрінбеуі, көктайғақ) Астана қаласынан шығатын жолдар барлық бағытта көліктің барлық түрі үшін жабылды", - делінген қызметтің Facebook парақшасында.

Бұдан бөлек, Astana LRT компаниясы хабарлағандай, ауа райы қолайсыздығына байланысты қала сыртындағы елді мекендерге қатынайтын бағдарлардың бәрі тоқтатылды. Алайда ең жақын жерлерге баратын №303, 306, 307 бағдарлары штаттық режимде жүріп жатыр.

Сонымен бірге, ҚазАқпарат агенттігі хабарлағандай, ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің бірнеше облысында көлік қозғалысына шектеу қойылған.

Қатты жел мен көктайғақтың түсуіне байланысты Ақмола облысында сағат 20:00-ден бастап көлік құралдарының кез келген түрі үшін республикалық маңызы бар мына тасжолдар жабылған:

«Астана-Петропавл» (18-231 шақырым);

«Жезқазған-Петропавл» (377-595 шақырым, Қостанай облысы - СҚО шекарасы);

«Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» (232-260 шақырым, Қостанай облысының шекарасы - Сұрған ауылы);

«Жақсы-Есіл-Бұзылық» (0-82 шақырым, Жақсы елді мекені - Бұзылық ауылы); «Екатеринбург-Алматы» автожолы (856-1247 шақырым, СҚО шекарасы - Астана қаласы);

«Екатеринбург - Алматы» (1275-1353 шақырым, Астана - Қарағанды облысы шекарасы);

«Астана-Қорғалжын» (19-180 шақырым, Астана - Қорғалжың қорығы);

«Астана - Қабанбай батыр - Ақмола облыс шекарасы» (16-51 шақырым);

«Макинск-Ақсу-Торғай» (0-240 шақырым, Макинск қ.-Торғай қ.);

«Астана-Ерейментау-Шідерті» (16-205 шақырым);

«Көкшетау-Атбасар» (48-184 шақырым, Зеренді елді мекені-Атбасар қ.).

Сіздің реакцияңыз
1
0
2
1
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel