RU
Головкинмен жұдырықтасатын атышулы Сауль Альварес спорттан шеттетілді
Жаңалықтар Қоғам

Головкинмен жұдырықтасатын атышулы Сауль Альварес спорттан шеттетілді

Рассказать Вконтакте

Сауль Альварес арнайы комиссиясының шешімімен спорттан уақытша шеттетілді деп хабарлайды Sports.kz порталына сілтеме жасаған Baq.kz агенттігі.

Альварес

Альварес

Мексикалық боксшы Сауль Альварес Невада штаты Атлетикалық комиссиясының (NSAC) шешімімен спорттан уақытша шеттетілді. Боксшының бұдан арғы тағдыры қалай болатыны Атлетикалық комиссияның 10 сәуірде өтетін отырысында белгілі болады.

Айта кетейік, осыған дейін Сауль «Канело» Альварестің сынамасынан тыйым салынған препарат табылған болатын. Оның командасы мұны тағамға қосылып кеткен деп ақталып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, былтыр Головкин-Альварес арасындағы жекпе-жекте жеңімпаз анықталмаған. Төрешілер тең ойын болды деп, екеуінің де қолын көтерген. Енді қос боксшы арасындағы екінші кездесу 5 мамыр күні Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтеді.

Аталған кездесуде Геннадий Головкин өзінің барлық чемпиондық белбеуін бәске тігеді. Ал Альварес өзіне тиесілі The Ring белбеуін және орта салмақтағы желілік чемпион белбеуін сарапқа салмақ.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
6
0
2
2
2
32
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel