RU
Сүйіктісімен ренжісіп қалған астаналық көпқабатты үйдің шатырынан секіріп өлмек болды
Жаңалықтар Сіз білмейтін қызықтар

Сүйіктісімен ренжісіп қалған астаналық көпқабатты үйдің шатырынан секіріп өлмек болды

Рассказать Вконтакте

Астанада көпқабатты үйдің шатырынан секірмек болған ер адамды Ұлттық ұлан жауынгерлері құтқарып қалды деп хабарлайды ҚР Ұлттық ұлан баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Сүйіктісімен ренжісіп қалған астаналық көпқабатты үйдің шатырынан секіріп өлмек болды

Сүйіктісімен ренжісіп қалған астаналық көпқабатты үйдің шатырынан секіріп өлмек болды

Оқиға 2018 жылдың 18 наурызында кешкі сағат 20.15 шамасында Сарыарқа ауданы Кенесары көшесінде орналасқан көпқабатты үйдің бірінде болған. Қоғамдық тəртіп пен қауіпсіздікті күзетіп жүрген 5573 əскери бөлімінің жасағы 44-үйдегі «Лондон» мейрамханасының шатырынан секіргелі тұрған ер азаматты байқайды.

Жасақ бастығы Нұрболат Мұхиденұлы рация арқылы патрульдік топ бастығына мəн-жайды баяндап, қасындағы патрульдер Эльдар Искалиев жəне Əлішер Манарбекұлымен бірге дереу шатырға көтерілген. Төменге жиылған жұрт əлгі азаматты райынан қайтуға көндіріп тұрғанда, ұландар арт жағынан ақырын жақындап барады.

Оларды байқап қап секіруге ұмтылғанмен, патрульдік топ бастығы Ғазиз Тұрсынбаев ұстап үлгереді. Азамат сонда да əрекетін аяқтау үшін сырт киімін шешуге оқталған. Алайда, сарбаздаршапшаң қимылдап, оны қолтығынан сүйреп кері тартып алған.

«Шатырға шығарғанда сол қолынан қан байқадық, секірмес бұрын тамырын да кеспек болғанға ұқсайды. Əрі ішімдік ішіп алған екен», - дейді сарбаздың бірі.

Ұландықтар оқиға орнына жедел жəрдем шақырады.

Куəгерлердің айтуынша, оқиғаға дейін тұрғынүй пəтерлерінің бірінде осы азамат пен таныс келіншек арасында жанжал болған. Алайда, əйел татуласуға ниет білдірмеген. Ашудың əрі мастықтың күшімен өмірімен қоштасамын деп қорқытады.

Дегенмен, қырағы əрі епті сарбаздардың арқасында ола аман қалды.

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
3
0
4
1
4
7
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір