RU
Шымкентте екі кішкентай қызды шешіндіріп, суретке түсірген азғын ұсталды
Жаңалықтар Сіз білмейтін қызықтар

Шымкентте екі кішкентай қызды шешіндіріп, суретке түсірген азғын ұсталды

Рассказать Вконтакте

Шымкентте жас жігіт алты жастағы екі қызды шешіндіріп, оларды суретке түсірген. Тез арада әрекет еткен Ұлттық гвардия сарбаздары кішкентай балаларға азғындық әрекеттер жасаған жігітті құрықтады деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Шымкентте екі кішкентай қызды шешіндіріп, суретке түсірген азғын ұсталды

Шымкентте екі кішкентай қызды шешіндіріп, суретке түсірген азғын ұсталды

Жұма күні кешкі сағат 20:45-те патрульдік қызмет басшысы Бекзат Мамановқа белгісіз ер адамды тауып беруді сұраған келіншек жүгінген.

Оның айтуынша, көпқабатты үйдің подъезінде оның алты жастағы екі қызына шамамен 25-30 жастағы жігіт жақындап, оларды шешіндіруге мәжбүрлеген.

"Ешқандай күш қолданбай-ақ, ол кішкентай қыздарды шешіндіруге көндіріп, одан кейін оларды сол күйінде өзінің планшетіне түсіріп алған", - деп хабарлады Ұлттық гвардия өкілдері.

Патрульдік топтың басшысы шұғыл түрде барлық әскери кезекшілерге хабар беріп, дереу іздестіру жұмыстарын бастап кеткен. Аталған ер адам екі сағаттан соң көрші үйдің ауласынан табылды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
6
17
8
5
2
19
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір