RU

Бүгін еліміздің басым бөлігі жауын-шашынды болады

Наурыз айының 25-інде еліміздің бірнеше аймағында жауын-шашын күтілуде деп хабарлайды «Казгидрометке» сілтеме жасаған NUR.KZ.

Бүгін еліміздің басым бөлігі жауын-шашынды болады
Бүгін еліміздің басым бөлігі жауын-шашынды болады: UGC

Атмосфералық өзгерістерге байланысты, тұрақсыз ауа-райы сақталады. Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста күн ашық болады.

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі 15-20 м/с жаяу бұрқасынмен күтіледі.

Атырау, түнде Батыс Қазақстан облыстарында кей жерлерінде тұман, көктайғақ болуы ықтимал.

Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі 15-20 м/с жетуі мүмкін.

Қарағанды, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, күндіз желдің күшеюі 15-20 м/с күтіледі.

Жамбыл облысында желдің күшеюі кей жерлерде 15-20, екпіні 23-28 м/с болса, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында түнде кей жерлерінде желдің күшеюі 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с-қа жетеді.

Қызылорда облысында күндіз кей жерлерде күн күркірейді.

Маңғыстау, түнде Алматы облыстарында кей жерлерінде желдің күшеюі 15-20 м/с күтіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1722963-bgin-elimizdi-basym-bligi-zauyn-sasyndy-bolady.html