RU
«Қарағанды-Алматы» бағытындағы ұшақтан ақау шығып, елордаға тоқтауға мәжбүр болды(фото)
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

«Қарағанды-Алматы» бағытындағы ұшақтан ақау шығып, елордаға тоқтауға мәжбүр болды(фото)

Рассказать Вконтакте

Күні кеше «Қарағанды-Алматы» бағытындағы ұшақтың қозғалтқышынан ақау шығып, елордаға қонуға мәжбүр болған еді. Оқиғаның қалай болғаны жайлы ұшақ жолаушысы айтып берді деп хабарлайды NUR.KZ.

«Қарағанды-Алматы» бағытындағы ұшақтан ақау шығып, елордаға тоқтауға мәжбүр болды(фото)

«Қарағанды-Алматы» бағытындағы ұшақтан ақау шығып, елордаға тоқтауға мәжбүр болды(фото)

Блогер Денис Кривошеев «Air Astana» ұшағының Қарағанды-Алматы бағытындағы рейсінің Астана әуежайына тоқтауға мәжбүр болғаны жайлы өз парақшасында жазған болатын.

Осыдан соң «Air Astana» компаниясы Boeing-757 номерлі ұшаққа қатысты Facebook парақшасында пікір білдірді.

«Ұшақ Астана қаласына техникалық себептермен қонуға мәжбүр болды. Жолаушыларды қонақ үйлерге орналастырдық. Олар Алматыға таңғы рейспен ұшып кетеді», - деп жазды әуе компаниясы.
«Қарағанды-Алматы» бағытындағы ұшақтан ақау шығып, елордаға тоқтауға мәжбүр болды(фото)

«Қарағанды-Алматы» бағытындағы ұшақтан ақау шығып, елордаға тоқтауға мәжбүр болды(фото)

Ал, сол оқиғаның куәгері, ұшақтың жолаушысы оқиғаның қалай болғаны жайлы айтып берді. Ол ұшаққа екі жасар қызымен бірге мінген екен.

«Қарағанды-Алматы» бағытындағы ұшақтан ақау шығып, елордаға тоқтауға мәжбүр болды(фото)

«Қарағанды-Алматы» бағытындағы ұшақтан ақау шығып, елордаға тоқтауға мәжбүр болды(фото)

«Біз ұшып бара жатқан уақытта жарықтар жанып-өше бастады. Бұл уақытта фильм қарап отырған едік. Стюардесса қобалжып, Алматыға емес, Астанаға қонуға мәжбүр екенімізді айтты. Сосын ұшқыш та осыны хабарлады. Оның да қобалжып кеткені дауысынан сезіліп тұрды. Астанаға тыныш қана қондық.
Осы уақытта ұшқыш «Ұшу жалғаспайды. Ақпаратты күтіңіздер. Егер ұшақты жөндесе қайта ұшамыз. Ал жөнделмесе, басқа ұшақпен сапарларыңызды жалғастырасыздар» деді. Бірақ біз поездбен кететін шығармыз. Қазір қонақ үй мен тамақ мәселесін компания ұйымдастырып берді. Екі жасар қызым осы ұшаққа кіргеннен, мінгісі келмеген еді», - деді жолаушы.
«Қарағанды-Алматы» бағытындағы ұшақтан ақау шығып, елордаға тоқтауға мәжбүр болды(фото)

«Қарағанды-Алматы» бағытындағы ұшақтан ақау шығып, елордаға тоқтауға мәжбүр болды(фото)

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
3
3
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel