RU

Туған қызын жезөкше қылмақ болған америкалық азамат 60 жылға сотталды

Америкадағы Висконсин штатының тұрғыны Эндрю Тёрли өзінің төрт жасар қызының пәктігін интернет желісі арқылы сатпақшы болған. Ер адамға бала саудасы мен жезөкшелікке итермелеу кінәсі тағылып, ол 60 жылға бас бостандығынан айырылды деп хабарлайды life.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: life.ru
Фото: life.ru: UGC

30 жастағы Эндрю Тёрли өзінің төрт жасар қызын жезөкше қылмақшы болды. Ғаламтордағы сауда-саттықпен айналысатын сайттардың біріне ол кішкентай қыздың пәктігін сататынын жариялады. Бүлдіршінмен өткізетін екі сағат үшін Эндрю мың доллар сұраған.

Қатыгез әкенің бұл қылығын құқық қорғау органдарының қызметкері әшкереледі. Ол арнайы әшкерелеу операциясы барысында баланы сатып алмақшы болған адам кейпіне енген.

Эндрю Тёрли өзінің қылмысы үшін 60 жылға бас бостандығынан айырылды. Мерзімінен бұрын шартты босатуға өтініш білдіру үшін, ол жазаның 45 жылын өтеп шығуы шарт.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1722976-tugan-kyzyn-zezkse-kylmak-bolgan-amerikalyk-azamat-60-zylga-sottaldy.html