Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өзбек дәмханаларының адамдарды есек етімен тамақтандырғаны белгілі болды (видео)

Опубликовано:

Ферғана қаласында есек сойып, етін сатумен айналысатын қасапхана табылды. Есек еті қаладағы бірнеше дәмханаға және тұрғындарға сиыр еті деп сатылған деп хабарлайды Nuz.uz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Өзбек дәмханаларының адамдарды есек етімен тамақтандырғаны белгілі болды (видео)
Өзбек дәмханаларының адамдарды есек етімен тамақтандырғаны белгілі болды (видео): UGC

Үш адамнан құралған қылмыстық топ есектерді 250-300 мың сомнан сатып алып отырған. Кейін еттің келісін 25-30 мың сомнан сатқан. Етті негізгі тұтынушылары Тошлок ауданындағы «Ягона» дәмханасы мен Ферғана қаласындағы «Мурод Тургуновтың» асханасына келушілер екен.

Есек етінен самса және кәуап әзірленіпті. Кейде өзге де тағамдарға пайдалана берген. Аспаздар мен рестораторлар еттің қандай малға тиесілі екенін өте жақсы біледі дейді прокурорлар.

Яғни, аталған дәмхана иелері клиенттеріне ненің етін беріп келгендерін өте жақсы білген. Сондықтан, қылмыстық іс барысында олардан да сұрау болары сөзсіз.

Айта кетейік, есек етін жеген адамдар түрлі ішек ауруларын, тіпті бруцеллез жұқтыруы мүмкін. Қазіргі таңда ұсталған күдікті үш азаматқа қатысты тергеу жұмыстары жалғасуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1722981-zbek-dmhanalaryny-adamdardy-esek-etimen-tamaktandyrgany-belgili-boldy-video/

pixel