RU
Ішінен жын шығармақ болып, пастор үш апта аш ұстаған балақай қаза тапты (фото)
Жаңалықтар Әлемде

Ішінен жын шығармақ болып, пастор үш апта аш ұстаған балақай қаза тапты (фото)

Рассказать Вконтакте

Америкадағы Техас қаласының пасторы Арасели Меза бүлдіршін ішіндегі жынды шығару үшін оны мүлдем тамақтандырмауға кеңес берген. Өзінің дінге қайшы әрекеттері үшін пастор әйел 99 жылға бас бостандығынан айырылды деп хабарлайды life.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: tvzvezda.ru

Фото: tvzvezda.ru

52 жастағы пастор әйел мен екі жасар Бенджаминнің ата-анасы оның ішінде жын бар екеніне кәміл сенімді болған. Олар бұл мәселені шешу үшін, балаға тамақ бермеу керек деген мәмлеге келді.

Үш апта бойы нәр татпаған Бенджамин қайтыс болды. Оның өлімінен кейін ата-анасы мен пастор Арасели Меза оны қайта тірілту шарасын өткізген.

Тергеу барысында, пастордың өзіндік діни ұйым құрып, шіркеуге келуші адамдарды қатаң бақылауда ұстағаны белгілі болды. Ол табынушыларын өзін нағыз пайғамбар екеніне сендерген.

Арасели Меза 99 жылға темір торға тоғытылды. Оған қоса ол 10 мың доллар көлеміндегі айыппұлды төлеуге міндетті.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
4
1
4
11
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір