RU

Жаңа үй алып береміз: Даниал Ахметов үйін су шайған шығыс қазақстандықтарға жұбату айтты (фото)

Шығыс Қазақстанның әкімі Даниал Ахметов қазіргі уақытта Глубокое ауданында су тасқынынан зардап шеккен халықпен кездесуге келді. Әкім тұрғындармен сөйлесіп, көмек көрсетуге уәде берді деп хабарлайды әкімшіліктің баспасөзіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Жаңа үй алып береміз: Даниал Ахметов үйін су шайған шығыс қазақстандықтарға жұбату айтты (фото)
Жаңа үй алып береміз: Даниал Ахметов үйін су шайған шығыс қазақстандықтарға жұбату айтты (фото): UGC

Күні кеше Ахметова Глубокое ауданына барды. Ол халықтың арызына құлақ асып, көкейдегі сұрақтарына жауап берді.

«Арнайы мамандар үйді бағалайды. Егер үйлеріңізді қайта қалпына келтіруге мүмкіндік болса, солай жасаймыз. Ал олай болмаса, жаіасын сатып алып береміз. Қазір шығын келген нәрсенің барығын есепке аламыз», - деп уәде берді әкім.
Жаңа үй алып береміз: Даниал Ахметов үйін су шайған шығыс қазақстандықтарға жұбату айтты (фото)
Жаңа үй алып береміз: Даниал Ахметов үйін су шайған шығыс қазақстандықтарға жұбату айтты (фото): UGC

Қазір Оралхан Бөкейханов атындағы мектепте 11 адам уақытша тұрақтады. Олардың арасында бесеуі кәмелет жасына толмағандар. Бұл жерге әлі 150 адамды алып келуі мүмкін. Тұрғындарға қазір ыстық тамақпен қатар, дәрігерлік және психологиялық көмек көрсетілуде.

Ахметов дамбыны бақылау үшін, Глубочанка өзеніне, Прогресс және Белоусовка ауылдарына аттанды.

Айта кетейік, қазір 600-ге тарта адам эвакуациаланған.

Жаңа үй алып береміз: Даниал Ахметов үйін су шайған шығыс қазақстандықтарға жұбату айтты (фото)
Жаңа үй алып береміз: Даниал Ахметов үйін су шайған шығыс қазақстандықтарға жұбату айтты (фото): UGC

Шығыс Қазақстанда қалың жауған қар мен қолайсыз ауа-райының әсерінен болған су тасқынынан тоғыз ауыл зардап шеккен. Олар: Глубокое, Предгорное, Прогресс, Алтайский, Белоусовка, Винное, Ново-Ульбинка, Веселовка, Заречное ауылдары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1722983-zaa-j-alyp-beremiz-danial-ahmetov-jin-su-sajgan-sygys-kazakstandyktarga-zbatu-ajtty-foto.html