RU
Алты адам жабылып зорлаған 11 жасар қыз ауру баланы дүниеге алып келді
Жаңалықтар Әлемде

Алты адам жабылып зорлаған 11 жасар қыз ауру баланы дүниеге алып келді

Рассказать Вконтакте

Зардап шеккен бойжеткеннің анасы қызының жүкті екенін сегіз айлығында бір-ақ білген. Үндістанның Раджкота аймағында алты жұмысшы ер адам 11 жасар жасөспірімді аяусыз зорлаған. Нәтижесінде бойжеткен ауру сәбиді дүниеге алып келді деп хабарлайды zakon.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Алты адам жабылып зорлаған 11 жасар қыз ауру баланы дүниеге алып келді. Фото: Arnapress.kz

Алты адам жабылып зорлаған 11 жасар қыз ауру баланы дүниеге алып келді. Фото: Arnapress.kz

Зорлаған ер адамдар 17 мен 60 жас аралығында болған. Қазіргі уақытта олардың барлығы тұтқынға алынған. Ал 11 жасар қызды кесар тілігімен босандырып алған.

Дәрігерлердің айтуынша, жаңа туылған сәби ұзақ өмір сүрмейді екен. Оның мойын омыртқасы дұрыс жетілмеген. Сондай-ақ дамуында да ауытқушылықтар байқалған.

Айта кетейік, зорланған қыздың әкесі қаза тапқан. Ал анасы қарапайым жалшы болып қызмет атқарады екен. Қылмыскерлерге әлі жаза тағайындалмаған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
6
39
20
5
6
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel