RU
Белгілі айтыскер: Келесі президент әнші болатын шығар
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Белгілі айтыскер: Келесі президент әнші болатын шығар

Рассказать Вконтакте

Белгілі айтыскер Ринат Зайытов өнер иелерінің барлық салаға кірісіп кеткенін сынға алды. Ол тіпті «келесі президент те әнші болатын шығар» деген пікір айтты деп хабарлайды «Сөккен әңгіме» бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Белгілі айтыскер: Келесі президент айтыскер болатын шығар. Фото:Nur.kz

Белгілі айтыскер: Келесі президент айтыскер болатын шығар. Фото:Nur.kz

Айтыскердің айтуынша, қазіргі уақытта әннен әнші көбейіп кеткен.

«Қай жерге барсаң да әнші болды ғой, қазір. Аспазшы да, депутат та әнші. Меніңше, келесі президент те әнші болады. «Халауләйлімнің» деңгейінде өмір сүріп жатырмыз», – ді Зайытов.

Сондай-ақ ол бүгінгі әндерді неліктен халық тыңдағысы келмейтіні жайлы да айтып берді.

«Қазір барлығы тыңдарман жоқ деп ренжиді. Өйткені, халықты бәрі жалықтырды. Олар қазір құлақпен тыңдамайды. Аяқпен тыңдайды. Әуен ойнап тұрса, аяғы қозғалыста болса болғаны. Неге? Себебі, әннің көптігінде шек жоқ. Ал бүгінде әншілер әннен де көп», - деді Ринат Зайытов.

Айта кетейік, айтыскер өзінің Ғадылбек Жаңайға көп ән жазып беру себебі, арадағы достық екенін де атап өтті.

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
5
3
9
0
6
63
7
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір