RU
ОҚО-да халықаралық Ташкент-Шымкент велошеруі қалай өтті? (фото, видео)
Жаңалықтар Қоғам

ОҚО-да халықаралық Ташкент-Шымкент велошеруі қалай өтті? (фото, видео)

Рассказать Вконтакте

Қазақстандағы Өзбекстан жылына орай Шымкентте халықаралық деңгейдегі велошеру өтті. Мектеп оқушыларынан бастап қарияларға дейін өз бақтарын сынап көрген веломарафонға арнайы қатысқан өңірдегі NUR.KZ тілшісінің фоторепортажын ұсынамыз.

ОҚО-да халықаралық Ташкент-Шымкент велошеруі қалай өтті? (фото, видео). Фото: NUR.KZ

ОҚО-да халықаралық Ташкент-Шымкент велошеруі қалай өтті? (фото, видео). Фото: NUR.KZ

Таңғы сағат 6-да Шымкенттен Ташкентке қарай жолға шыққан қатысушыларды өзбекстандықтар жылы лебізбен қарсы алды. Велошеру Қазақстанның Өзбекстан еліндегі Елшілік ғимаратынан бастау алды. Шараны ашып берген еліміздің Өзбекстандағы Төтенше және өкілетті Ерік Өтембаев екі ел арасындағы қарым-қатынас жайында бірер сөз сөйлеп, велошеру қатысушыларына сәттілік тіледі.

ОҚО-да халықаралық Ташкент-Шымкент велошеруі қалай өтті? (фото, видео). Фото: NUR.KZ

ОҚО-да халықаралық Ташкент-Шымкент велошеруі қалай өтті? (фото, видео). Фото: NUR.KZ

Ташкенттен бастау алған велошерушілер «Жібек жолы» кеден бекеті арқылы ел территориясына өте сала оларды тұрғындар ерекше құрметпен күтіп алды. Мұнан соң веломарафоншылар жүрек жалғап алып, қайта жолға шықты. Әр 25 шақырымда оларға ұлттық сусын қымыз бен бауырсақ және күш-қуат беретін жемістер ұсынылып, аздап тынығып алуларына мүмкіндік берілді.

ОҚО-да халықаралық Ташкент-Шымкент велошеруі қалай өтті? (фото, видео). Фото: NUR.KZ

ОҚО-да халықаралық Ташкент-Шымкент велошеруі қалай өтті? (фото, видео). Фото: NUR.KZ

Халықаралық деңгейдегі велошеруде өз бақтарын сынап көрген қатысушылар саны 130-дан астам. 40 қатысушы өзбекстандық шерушілер. Веломарафоншылардың ең жасы 11-де болса, ең үлкені 80 жастағы зейнеткер Виктор Клименко. Ақсақал - Өзбекстан азаматы. Велошеру ұйымдастырылатынын естіген сәтте алғаш болып қуанғандардың бірі. Айтуынша, мұндай веломарафон көрші елде тұңғыш рет өтіп отыр екен. Бала күнінен велосипед тебуді хоббиіне айналдырып, тіпті кәсіби тұрғыда тоғыз жыл айналысқан ол кейін спорттың бұл түрін тастап кетеді. Білім алады, жұмыс істейді. Зейнет жасына шыққан соң велосипедке қайта отырады.

ОҚО-да халықаралық Ташкент-Шымкент велошеруі қалай өтті? (фото, видео)

ОҚО-да халықаралық Ташкент-Шымкент велошеруі қалай өтті? (фото, видео)

«Жасым сексенде. Бірақ, өзімді әлі жас баладай сезінемін. Әрине, ол осы спорттың арқасында. Осындай велошерулер жиі өткізіліп тұрса деген тілегім бар. Мен Ресейде дүниеге келгенмін. Кейін өздеріңіз білесіздер, қиын-қыстау заман орнап, Ташкентке қоныс аудардым. Тоқырау жылдары екі күнде бір рет қана тамақтанған кездерім болды. «Ташкентте жүрсең, аш қалмайсың» деген бар емес пе? Содан бері Өзбекстанда тұрақтап қалдым. Айтпақшы, жуырда Германия еліне барып, әлемдік рекорд орнатуды көздеп отырмын. Қызу дайындық үстіндемін»,-деді велошерудің ең үлкен қатысушысы Виктор Клименко.

130 шақырымды жүріп өткен велошерушілер белгіленген меже Шымкенттегі облыстық әкімшілік іскерлік орталық алаңына кешкі сағат алтылар шамасында келіп жетті. Оларды облыс әкімі Жансейіт Түймебаев мен жергілікті тұрғындар зор қошеметпен күтіп алды. Мұнан соң аймақ басшысы шара барысында өзінің ептілігі мен шеберлігін көрсетіп, алғашқылардың бірі болып келген бірқатар қатысушыларды арнайы дипломмен марапаттады.

ОҚО-да халықаралық Ташкент-Шымкент велошеруі қалай өтті? (фото, видео)

ОҚО-да халықаралық Ташкент-Шымкент велошеруі қалай өтті? (фото, видео)

Айтпақшы, тұңғыш рет өткізген халықаралық деңгейдегі бұл веломарафонды Шымкент қалалық және ОҚО әкімдігі бірлесіп ұйымдастырып отыр. Жергілікті билік өкілдері Ташкентте бастау алған шеруді тек ұйымдастырып қана қоймай, өздері де көпшілікпен бірге велосипедке отырып бірнеше шақырымды жүріп өтті.

ОҚО-да халықаралық Ташкент-Шымкент велошеруі қалай өтті? (фото, видео)

ОҚО-да халықаралық Ташкент-Шымкент велошеруі қалай өтті? (фото, видео)

Олардың қатарында ОҚО әкімінің орынбасары Ербол Садыр, облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасының басшысы, бұған дейін ләңгі теуіп, асық атып көзге түскен Әлібек Нұртаев, Шымкент басшысының орынбасары Қайрат Нұртай бар. Сонымен қатар велошеруге Қазақстан велоспорт федерациясының вице-президенті Райымбек Батталов бастаған бір топ азаматтар да қатысты.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір