RU
Ұлан-асыр тойланған наурыз мерекесінен соң ОҚО қоқыс алаңына айналды (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Ұлан-асыр тойланған наурыз мерекесінен соң ОҚО қоқыс алаңына айналды (видео)

Рассказать Вконтакте

Биыл Оңтүстік Қазақстан облысында ерекше атап өтілген Наурыз мерекесінен соң желіде шу шықты. Шымкенттік тұрғын шарадан соң ондағы қоқыстар сол күйі тазаланбай, табиғат ластанып жатыр деп дабыл қақты. Бұл туралы өңірдегі NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Ұлан-асыр тойланған наурыз мерекесінен соң ОҚО қоқыс алаңына айналды (видео)

Ұлан-асыр тойланған наурыз мерекесінен соң ОҚО қоқыс алаңына айналды (видео)

Жергілікті билікке наразы болған шымкенттік тұрғын Ержігіт Жұмаділ бұл туралы ойын желі парақшасында бөлісті. Тұрғын көтерген проблемасы дәлелді болсын деген болу керек, тау етегінде шашылып жатқан қоқыстарды видеоға жүктеп, көпшілікке жария етті.

«Наурыз мейрамымызды киелі Қазығұрт тауында жақсылап тұрып тойладық! Патриотизм тазалықтан басталады! Бұл біздің жер! Болашақ ұрпаққа сақтап қалайық!» деп жазған Ержігіт Жұмаділ "мерекені бұлай тойлағаннан тойламаған дұрыс, табиғат қоқысханаға айналатын болды", - деп наразылық тудырды.

Айта кетейік, «Наурыз Қазығұрттан басталады» атты шара Қазығұрт тауының етегінде 21 наурыз күні өткен болатын. Облыс әкімі Жансейіт Түймебаев өңірдегі NUR.KZ тілшісіне Ұлыстың ұлы күнін табиғат аясында өткізу «менің идеям» деп сұхбат берген еді.

Ал еліміздің Білім саласының құрметті қызметкері, тарихшы, «Зияткер ұстаз» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Өмір Шыныбекұлы наурыз тойын табиғат аясында тойлау туралы ұсынысты қазығұрттық тұрғын Сейдалы Дүйсебайұлы 2015 жылы тастағанын, содан бері жыл сайын мереке қарсаңында бұл ұсынысты желі арқылы өз парақшасында жариялап отырғанын айтты.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
17
3
3
0
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel