RU

Армансыз адам болмайды: Отандық әнші әлі де балалы болудан үмітті екенін жасырмады

Отандық әнші Жазира Байырбекова өзінің әлі де балалы болудан үмітті екенін айтып, жан сырымен бөлісті деп хабарлайды бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Армансыз адам болмайды: Отандық әнші әлі де балалы болудан үмітті екенін жасырмады. Фото: Stan.kz
Армансыз адам болмайды: Отандық әнші әлі де балалы болудан үмітті екенін жасырмады. Фото: Stan.kz: UGC

Бағдарлама барысында әнші өзінің депрессияға түсіп, ұзақ уақыт өзіне-өзі келе алмаған күндері жайлы да баяндап берді. Тіпті өзін өлімге қия салғысы келген күндері барын да еске алды.

«Мүмкін бұл маған берілген жақсылық болар. Осы арқылы айналадағы адамдар менің қадірімді түсінген сияқты. Ал мен өмірдің қадірін түсіндім», - деді Байырбекова.

«Арманым – болашақта ұлымның өсіп, ұрпақ сүйіп, үлкен азамат болуы. Сондай-ақ әлі де ана болудан үміттімін. Ұлыма бауыр немесе қарындас болса. Болмаса да тәубе деймін. Күпірлік етуге болмайды. Бірақ әлі де үміттенемін», – деді әнші.

Айта кетейік, жұлдызды жұп Жанболат пен Жазираның ересек ұлдары бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1723006-armansyz-adam-bolmajdy-otandyk-nsi-li-de-balaly-boludan-mitti-ekenin-zasyrmady.html