RU
Бүгін еліміздің кей өңірінде қар жауып, көктайғақ болады
Жаңалықтар Қоғам

Бүгін еліміздің кей өңірінде қар жауып, көктайғақ болады

Рассказать Вконтакте

Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Кей өңірлерде жаңбыр, қар жауып, кей жерлерде нөсерлетеді деп хабарлайды "ҚазАқпаратқа" сілтеме жасаған NUR.KZ.

Бүгін еліміздің кей өңірінде қар жауып, жауын-шашынды болады

Бүгін еліміздің кей өңірінде қар жауып, жауын-шашынды болады
Source: UGC

Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді. Республиканын оңтүстік бөлігінде кей жерлерде найзағай ойнайды.

Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлайды. Шығыс Қазақстан облысында желдің жылдамдығы 15-20, кей жерлерде 23-28, екпіні 30 м/с-ға жетуі ықтимал.

Кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады.

Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады.

Түнде Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, бұрқасын соғады; желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін жетеді.

Ал Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызлорда облыстарының кей жерлерінде таңертең және күндіз найзағай ойнайды.

Маңғыстау облысының кей жерлерде тұман, түнде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді. Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel