Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда төсек жаңғырту үшін өзге жұппен қатынасқа түсу сәнге айналған

Опубликовано:

Алматыда ерлі-зайыптылардың төсектегі салқындығын жою үшін өзге жұбайлардың жұбымен төсек қатынасына түсу сәнге айналып барады. Жас жұбайлар бірнеше сағатқа ауысып, бұл қызмет үшін 90 мың теңге төлейді. Бұл туралы желіде танымал үш баланың анасы Әлия өзінің Instagram парақшасында жазды деп хабарлайды NUR.KZ.

Алматыда жұбайлар арасында төсек жаңғырту үшін өзгелермен қатынасқа түсу сәнге айналды
Алматыда жұбайлар арасында төсек жаңғырту үшін өзгелермен қатынасқа түсу сәнге айналды: UGC

Ол өзінің құрбысы күйеуімен қарым-қатынасын жақсарту үшін дәл осындай кездесулерге барғысы келетінін айтқан. Айтуынша, мұндай қарым-қатынастың арқасында көптеген отбасының төсектегі белсенділігі артып, олар бір-бірін сүйе түседі.

"Кеше мен өте қызық ақпарат естідім. Құрбыммен массаж туралы әңгімелесіп отырып, массаж жасайтын жігіттің "свинг кездесулер" ұйымдастыратын білдім. Айтуынша, ол жігіт отбасылық жұптармен жұмыс жасайды. Яғни, бір-бірінен шаршаған ерлі-зайыптылар оның көмегімен өздері секілді тағы да басқа жұптармен танысып, бір түнге я болмаса бір-екі сағатқа жұптармен алмасады. Бұдан кейін жұбайлардың қарым-қатынасы беки түсіп, олар бір-бірін жақыннан тани бастайды", - дейді Әлия.

Тұрмыс құрғанына 10 жыл болған Әлияның құрбысы да дәл осындай тәсіл арқылы күйеуінің өзіне деген қызығушылығын арттырмақ ниеті бар екенін айтқан.

"Ал мұндай қызмет түрі 90 мың тұрады екен", - дейді қатты таңғалған үш баланың анасы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1723033-almatyda-tsek-zagyrtu-sin-zge-zppen-katynaska-tsu-snge-ajnalgan/

pixel