RU
Playboy моделі Дональд Трамппен бірнеше рет төсектес болғанын жайып салды
Жаңалықтар Әлемде

Playboy моделі Дональд Трамппен бірнеше рет төсектес болғанын жайып салды

Рассказать Вконтакте

Playboy журналының моделі Карен Макдугал АҚШ-тың қазіргі президенті Дональд Трамппен арадағы байланысы жайында айтып берді. Оның сөзінше, миллиардер екеуі бұған дейін бірнеше рет төсектес болған деп жазады Sn.kz.

Playboy

Жыныстық қатынастан кейін Трамп аруға үлкен сомада ақша ұсынған көрінеді. Бұл туралы Макдугал CNN тілшісі Андерсон Куперге берген сұхбатында айтып берді.

"Төсек қатынасынан кейін ол маған ақша ұсынды. Мен шын айтсам мұны қалай қабылдайтынын түсінбедім. Түрімнің қалай өзгергенін айта алмаймын. Өзімді жезөкше секілді сезіндім", — деді ол.

Модель болашақ президент берген ақшаны алмайтынын айтқан екен. Бірақ, Трамп соған қарамастан жезөкшемен сөйлескендей әсер қалдырған. Сол үшін Карен Макдугал оны кешіре алмаймын деп отыр.

"Мен Трамптың әйелінен кешірім сұрағым келеді. Өйткені, біз төсектес болғанда ол үйленіп қойған болатын. Мен енді күйеуімнің дәл осылай менің көзіме шөп салмауын тілеймін", — деді Playboy журналының моделі.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
1
6
1
2
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel