RU
ШҚО-да үйін су басқан қариялар мектептегі жайсыз орындарда күнелтуде (фото)
Жаңалықтар Қоғам

ШҚО-да үйін су басқан қариялар мектептегі жайсыз орындарда күнелтуде (фото)

Рассказать Вконтакте

Глубокое ауданының Прогресс ауылында 50-ден астам үй су астында қалып отыр. Тасқын тоқтағанымен, су жайылған аулаларға бару қауіпті болып тұр деп хабарлайды "ҚазАқпарат" агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

ШҚО-да үйін су басқан қариялар мектептегі жайсыз орындарда күнелтуде (фото)

ШҚО-да үйін су басқан қариялар мектептегі жайсыз орындарда күнелтуде (фото)

Таңғы сағат 7.00-ден бастап облыс әкімі Даниал Ахметов Глубокое ауданында тасқыннан зардап шеккен ауылдарды аралады. Глубочанка өзенінің бойында жатқан елді мекеннің бірі - Прогресс ауылы. Мұнда 50 үйді су басып, 222 адам қауіпсіз жерге көшірілген екен. Үй ішіндегі судың тереңдігі 40-60 сантиметрге жеткен. Оларға кірмек түгіл, ауласына аяқ басудың өзі қауіпті.

Сондықтан, әр көшеге кезекші қойылыпты. Апаттан есін жиған халық үйінің жағдайын көру үшін келгенімен, ауласына да кіре алмай, кері қайтып жатты. Үйін тастап шыққан тұрғындардың көбі Өскемен мен Глубокое кентіндегі туыстарын паналаған екен.

Ал ауыл мектебін 9 зейнеткер паналауда. Даниал Ахметов олардың әрқайсымен жеке-жеке сөйлесіп, талап-тілектерін тыңдады. Сондай-ақ, ол мектеп базасында ұйымдастырылған уақытша баспананың жайсыздықтары бар екенін ескертті.

«Бір бөлмеге 10 төсек қойғансыздар. Бұл ешқандай санитарлық талапқа сыймайды. Көрпе-жастық, киім-кешектің бәрі таза болуы керек. Екі сағаттың ішінде уақытша тұрғындардың жағдайын жақсартыңыздар» - деді ол.

Даниал Ахметов үйіне кіре алмай қалған тұрғындарды ең қажет деген заттармен қамту үшін бірінші кезекпен 10 млн теңге бөлетінін айтты.

Предгорное ауылында 35 үйді су басқан екен.

«Бұл ауданда су басқан үйлердің саны 167-ге жетті. Шығын әлі есептелуде. Әсіресе Белоусовка және Глубокое кенттері, Прогресс және Предгорное ауылдары қатты зардап шеккен. Бұл жағдай жылда қайталанбас үшін кейбір жерде өзен арнасын кеңейтіп, кейбір тұстағы үйлерді мүлде қауіпсіз орынға көшіреміз. Ертең сағат 11:00-ге дейін алғашқы көмекке қажет қаржыны тиісті шотқа аударамыз» - деді Даниал Ахметов.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір