RU
Кеудесіне доп тиген танымал футболшы тіл тартпай кетті
Жаңалықтар Әлемде

Кеудесіне доп тиген танымал футболшы тіл тартпай кетті

Рассказать Вконтакте

Хорватия чемпионатының үшінші дивизионында «Марсония» мен «Славония» командаларының арасында өткен матчта алаң иелері командасының ойыншысы Бруно Бобан кеудесіне доп тиіп, қаза тапты деп хабарлайды 24.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Кеудесінен доп тиген футболшы тіл тартпай кетті

Кеудесінен доп тиген футболшы тіл тартпай кетті

Ойынның 15 минутында қатты соққыдан ұшқан доп Бобанның кеудесіне тиген.

«Марсония» ойыншысы осыдан кейін құлап түсіп, оның маңына басқа футболшылар барады.

Алғашқы көмекті оған клуб дәрігері көрсеткен, кейін жедел жәрдем келіпті, алайда олардың қанша күш салғанына қарамастан, 25 жастағы жартылай қорғаушыны аман алып қала алмады.

Өлімнің нақты себебі айтылмайды.

Басылымның мәліметінше, Бобан «Загреб», «Славония» клубтарында өнер көрсетіп танылған. Қазіргі маусымда жартылай қорғаушының есебінде 12 соғылған доп бар.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
2
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір