RU
Жантүршігерлік өрттен қашып, терезеден секіргендер видеоға түсіп қалған
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Жантүршігерлік өрттен қашып, терезеден секіргендер видеоға түсіп қалған

Рассказать Вконтакте

Ресейдің Кемерево қаласындағы "Зимняя вишня" сауда орталығында шыққан өрттен аман қалу үшін терезеден секірген азаматтар видеоға түсіп қалған деп хабарлайды Zakon.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

фото: РИА Новости

фото: РИА Новости

Бірнеше адам сауда орталықтарының есіктері құлттанып қалғандықтан, терезеден секіруге мәжбүр болған.

Биіктіктен құлап, жанын сақтағысы келгендер 30 жастағы азамат пен 11-14 жас аралығындағы жасөспірім болып шықты. Өкінішке орай, жас бала оқиға орнында көз жұмған.

Видеожазбада терезе жақтауынан біраз ұстап тұрып, өзін лақтырып жіберген ер адамды байқауға болады. Тағы бір видеода жасөспірім де дәл сол әрекеттерді қайталайды. Алайда ол терезе астындағы күнжақтауға соқтығысып қалған. Нәтижесінде, алған ауыр жарақаттарының салдарынан бірден мерт болады.

Еске салсақ, жантүршігерлік өртте 34 адам қаза болған еді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
4
2
22
1
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір