RU
Бала күтушісін аяусыз сабап, өртеп жіберген ерлі-зайыптылар жұртты шошытты
Жаңалықтар Әлемде

Бала күтушісін аяусыз сабап, өртеп жіберген ерлі-зайыптылар жұртты шошытты

Рассказать Вконтакте

Англиялық ерлі-зайыптылар өз баласын қарап жүрген бойжеткенді қамап қойып, кейінірек өртеп жіберген. Себебі бойжеткенді үй иесінің бұрынғы көңілдесі жіберіп отыр деп ойлапты. Бұл туралы "Вести.Ru" сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

фото: vesti.ru

фото: vesti.ru
Source: UGC

Марқұм болған 21 жастағы Софи Лионе Лондонға тіл үйрену үшін келген. Сабағына қосымша ақша табу үшін Сабрина Куайдер мен Уисма Медунидің отбасына бала күтушісі болып жұмысқа орналасады.

Ол балаларға қарап, үй шаруасымен айналысқан. Үй иелері оған ақша төлемек түгілі, жас қызды күнде ұрып, құлдың кейпіне түсірген. Көршілері үнемі айқай-шудың даусын естігендерін айтуда.

Өткен жылдың күз айында Сабрина Куайдер мен Уисме Медунидің көршілері олардың ауласынан түтін мен жанып жатқан жағымсыз иістер шыққан соң өрт сөндірушілер шақырған.

Оқиға орнына келіп жеткен құтқарушылар тез арада қызыл жалын ауыздықтайды. Осыдан кейін сол жерден адам сүйектерін тауып алған. Кейінірек белгілі болғандай, бұл аса ауыр қатыгездікпен өлтірілген Софидің денесі болып шықты.

Сабрина Куайдер мен Уисме Медуни жәбірленушіні өлтірмес бұрын бір күн бойы аш қалдырып, сабап, тіпті зорлаймыз деп сес көрсеткен. Онысын өздері телефондарына видеоға түсіріп алыпты. Қылмыскерлер жас аруды Сабринаның бұрынғы көңілдесі Марк Уолтон әдейі жіберіп отыр деп ойлапты.

Олар бала күтушісін әбден ұрып, оғны Марк жалдағанын мойындатпақ болған. Алайда полиция оның Маркпен ешқандай байланысы болмағанын дәлелдеді.

Енді қатыгез ерлі-зайыптылардың үстінен қылмыстық іс қозғалып, сот процестері жалғасуда.

Сіздің реакцияңыз
0
0
2
2
2
8
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel