RU

Сайлау туралы репортажды екі апта бұрын түсіріп алған тілшілер ұятқа қалды

Түркімен мемлекеттік телеарналары елдегі парламенттік сайлау туралы видео репортаждарын дауыс беруге екі апта қалғанда түсіріп алған. Материалдар сайлау күні көрсетілген деп хабаралйды Centralasian.org қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Сайлау туралы репортажды екі апта бұрын түсіріп алған тілшілер ұятқа қалды
Сайлау туралы репортажды екі апта бұрын түсіріп алған тілшілер ұятқа қалды: UGC

25 наурызда түркіменстандықтар ұлттық парламент – Мәжіліс депутаттарын, бұған қоса қалалық және облыстық кеңес мүшелерін сайлады.

«Бюджет қызметкерлерін жинап алып, сайлау учаскелерінен репортаждар түсірген. Сайлау өткізуге шақырылған адамдар бюлеттендерді өздері толтырып, сайлауға «дауыс берушілердің қанша пайызы жиналғанын» хабарлаған», - деді Азатлык радиосының дереккөзі. Ол репортаж түсіру сәтіне куә болған.

Азатлык радиосы Түркіменстанның сайлаулар мен референдумдар өткізу жөніндегі орталық комиссиясынан осы жағдайға қатысты пікір білдіруін сұрапты. Комиссияның жауапты қызметкерлері бұл мәліметтерді «жалған» деп атаған.

Ресми мәлімет бойынша, парламент депутаттығына 284 үміткер ұсынылды, солардың арасында президенттің ұлы Сердар Бердымұхамедов те бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1723062-sajlau-turaly-reportazdy-eki-apta-bryn-tsirip-algan-tilsiler-atka-kaldy.html