RU
Ринат Зайытов: Бірінші әйелінен ажыраспай тоқал алу – ерлік
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Ринат Зайытов: Бірінші әйелінен ажыраспай тоқал алу – ерлік

Рассказать Вконтакте

Елімізге белгілі айтыскер Ринат Зайытов елімізде өзекті тақырыпқа айналған «Тоқал» мәселесіне қатысты өз ойын білдірді. Оның айтуынша, бірінші әйелімен ажыраспай тоқал алу ерлікпен тең деп хабарлайды «Сөккен әңгіме» бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ринат Зайытов: Бірінші әйелінен ажыраспай тоқал алу – ерлік. Фото: Скриншот

Ринат Зайытов: Бірінші әйелінен ажыраспай тоқал алу – ерлік. Фото: Скриншот

«Иә, 70 жылдың кеңес үкіметі кезіндегі төңкеріс санамызға тоқалдықты қылмыс қылып көрсететін дәрежеге әкеп қойды. Тоқалды бірінші әйелімен ажыраспай алса, ол ерлік деп ойлаймын. Ал керісінше болған жағдайда қасірет», - деп атап өтті.

Сондай-ақ айтыскер қоғамның көзқарасын өзгертетін әрекеттерді насихаттауды доғару керектігін де алға тартты.

«Анау мен мынау үйленіпті деген сыны әңгімелерді тоқтату керек. Өйткені оған балалар қарап отыр. Кез-келген өнер адамы өзінің істеген жаманшылығынан ұлтына зиян келмейтіндей әрекет жасауы керек. Оларға қарап қыздар бйожетіп, ұлдар ержетіп келе жатыр», – деді Зайытов.

Жақында ғана шаңырағы бесінші сәбимен толысқан айтыскер қазір бәрінен де отбасын биік қоятынын да атап өтті. Сондай-ақ Зайытов он баланың әкесі атану арманы екенін де жасырмады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
8
2
1
0
3
41
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel