RU
Балабақшада сәбиді басынан нұқып, дөрекілік көрсеткен тәрбиеші желіні дүр сілкіндірді (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Балабақшада сәбиді басынан нұқып, дөрекілік көрсеткен тәрбиеші желіні дүр сілкіндірді (видео)

Рассказать Вконтакте

Желіде бүлдіршіннің желкесінен ұстап, басынан нұқып жатқан балабақша тәрбиешісінің видеосы пайда болды деп хабарлайды esil.media-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Instagram әлеуметтік желісіндегі esil.media парақшасында Астанадағы балабақшалардың бірінде тәрбиеші бөбектің желкесінен ұстап, оны қорқытып жатқан видеосы пайда болды. Бейнежазба авторының айтуынша, оны esil.media оқырмандарының бірі жіберген.

Esil.media редакциясына сүйенсек, оқырман видеоны мынадай жазба жазып жолдаған:

«Cаламатсыз ба сізге өтініш, Астанада жұмыс бабымен күйеуіне еріп туған апам кеткен еді. 1 жарым жаста қызы бар үйде. Бос отырмайын деп балабақшаға жұмыс жасауға барған екен. Жүрегім ауырып қайтып кеттім дейді. Үйден ашқан садик екен балаларға қарамайды дейді, ұрады екен. Mына баланың мамасы танып жатса баласын бермей-ақ қойса екен. Жүрегім ауырып кетті. Баланың, періштенің жүрегін ұшырып...».

Желі қолданушылары, «оқиғаның қай балабақшада орын алғанын білу қажеттігін» айтып, «балаға қол көтерген тәрбиешіні міндетті түрде жазалау керек» деген пікірлерін жаудырып жатыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
14
17
11
12
3
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір