RU
Жамбыл облысында жергілікті билік ұмыт қалдырған аядай ауыл туралы не білеміз? (фото)
Жаңалықтар Сіз білмейтін қызықтар

Жамбыл облысында жергілікті билік ұмыт қалдырған аядай ауыл туралы не білеміз? (фото)

Рассказать Вконтакте

Таудың етегінде орналасқан табиғаты көздің жауын алатын Жамбыл облысына қарасты Амансай ауылының халқын жергілікті билік өкілдері ұмыт қалдырғандай. Мұнда халыққа қажетті әлеуметтік нысандардың бірде-бірі жоқ деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Ауыл лаура

Амансай ауылының сыртқы келбеті кез-келген жанды өзіне ғашық етеді. Тауы бұлтымен таласып, бастаудан аққан бұлақтың суы шөліңді қандырады. Ал ауылдағы ағайын болса өз бетінше күнелтуге тырысып бағуда. Басым бөлігі мал асырып, бордақылап сауда-саттық жасайды. Халықтың тіршілігі қайнап тұрғанмен, "әттеген-ай" деген тұстар көп.

Ауыл лаура

Ауыл әкімінің айтуынша, мұнда 35 үй бар. Адам саны - 178. Ауылда тұратын халыққа қажетті әлеуметтік нысандардың бірде-бірі жоқ. Балалар білім алу үшін көрші ауылға автобус арқылы қатынайды. Қыс мезгілі қатал болатын ауылда боранды күндері көлік жүрмейді екен.

Амансайда "мүлдем мектеп болмаған" деп айтуға келмейді. Осыдан бес-алты жыл бұрын мұнда бастауыш сынып оқушылары білім алған екі кабинетті білім ошағы жұмыс істеген.

Кейін бала саны аз болып, мектеп жабылып қалыпты. Балалар білім алған ғимарат қазір қаңырап бос тұр.

Ауыл лаура

Ал сырқаттып қағандардың жағдайы да мәз емес. Ауыл тұрғындары медициналық көмекке жүгіну үшін ат терлетіп көрші ауылға баруға мәжбүр.

"Менің төрт бала-шағам бар. Тұңғышымды мектепке беру үшін төркінімдегі ата-анамның қолына тапсырдым. Күзде тағы бір қызым мектепке баруы тиіс. Жастары кішкентай болғандықтан көрші ауылға мектепке жіберуге қорқамыз. Арманымыз көп. Балаларымыз өз ауылында қатарларын қалмай білім алса. Медициналық тірек ашылса ауылда", - дейді көп балалы ана Перизат Оңғарова.

Жағдайды реттей алмаса да, жұмыстарына көңілдері тоқ басшылар ауыл халқының саны аз болғандықтан мектеп ашып бере алмайтындарын ашық айтты.

Көп балалы ана

Көп балалы ана

Мектепті сөз етпек түгілі, өзге де халыққа қажетті әлеуметтік мекемелердің бұл ауылда ашылуы әлі екіталай. Бірақ әкім мырза келесі жылы амансайлық тұрғындар үшін бір көшеге жол салып берміз деп ағынан жарылды.

"Келесі жыл ауылға жол салу үшін құжаттар дайындап жатырмыз. Бір көшеге 1 шақырым 600 метр жол төсеуді жоспарладық. Бұл ауылда бала саны аз болғанықтан мектеп салып бере алмаймыз. Оқушылар көрші ауылға қатынау үшін автобус қарастырғанбыз", - дейді ауыл әкімі Нұрбақыт Тілегенов.
Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
3
1
2
6
0
6
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір