RU
Жазира Байырбековаға туған ағасы өкпелеп жүргенін жайып салды
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Жазира Байырбековаға туған ағасы өкпелеп жүргенін жайып салды

Рассказать Вконтакте

Отандық әнші Жазира Байырбековаға туған ағасы өкпелі екенін жеткізді. Сазгер қарындасының жұлдызы жанған сәтте айтқан ауыр сөздерін ұмыта алмай жүргенін айтты деп хабарлайды «Ел аузында» бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Жазира Байырбековаға туған ағасы өкпелеп жүргенін жайып салды. Фото: NUR.KZ

Жазира Байырбековаға туған ағасы өкпелеп жүргенін жайып салды. Фото: NUR.KZ
Source: UGC

Ербол Байырбековтың айтуынша, Жазира сахнада нәзік көрінгенімен, өмірде басқаша екен.

«Өзі мінезі бар. Үйдің еркесі болған. Кейде еркелік қылып қояды. Жұлдызы жанып, қошеметке ие болған адам өзгереді. Олай айтқанын өзі білмей қалуы мүмкін. Қаттырақ кетіп қалады. Ондай уақытта, мен де өз ойымды айтып, орнына қойып жүремін», - деді Байырбеков.

Сондай-ақ Ербол Байырбеков қарындасының бала күнгі қылығын да айтып берді.

«Әкеміз Жазираны қатты жақсы көрді. Той-жиын болса, соны алып кететін. Бұрын үйімізде ескі теледидар болатын. Кемпірауызбен бұраймыз. Бір күні мен өзімнің каналыма ауыстырып отырғанмын. Жазира тыныш жатқан, ерегіспей. Бір кезде артымнан келіп, кемпірауызды алып, басымнан ұрып қалады ғой. Мен ойбайлап жатырмын. Ал ол орнына барып, тыныш қана өзінің арнасын көріп жата берді», - деді әншінің ағасы.

Сондай-ақ Жазира Байырбекованың бауыры өзінің жүрегінде өшпестей болып қалған қарындасының сөзі бар екенін айтты. Бірақ, ол жайлы ашып айтпай, жасырын қалдырды.

Сіздің реакцияңыз
18
4
1
6
2
8
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel