RU
Күнде ашуланып оянатын Димаш Құдайберген өзінің суреттерін көріп мәз болды (видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Күнде ашуланып оянатын Димаш Құдайберген өзінің суреттерін көріп мәз болды (видео)

Рассказать Вконтакте

Әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайберген Instagram желісіндегі парақшасында өзінің күнделікті өмірін мултипликациялық бейнелермен суреттеген видеоны жариялап, жұртты сүйсінтті деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Жұлдыз видеодағы бейнелер өзін дәл суреттейтінін айтып, оны салған адамға ризашылығын жеткізген.

"Бұл шындық. Таңертең мен ылғи ашулы боламын өзімнен-өзім. Достарым біледі. Мынау дәл мен негізі. Күшті салған. Рахмет", - деп жазба қалдырған.

Оны көрген желі қолданушылары Димаштың өте сүйкімді екенін жарыса жазып, кей бірі тіпті, өлең жолдарын арнаған.

tatianarysymbetova: "Кішкентай ғана Димашты, Үлкен Димаш оятты. Ұйқысын қимай жылаған, Ақ Димашты жұбатты. Жылама, Димаш, жылама, Жылауға жігіт бола ма?Ағатайыңдай əнші бол, Əн Аға бол, жыр Аға", - деп жазған желі қолданушысы.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
2
2
1
2
61
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір