RU
Қазақ қызы шетелдік азаматпен төсек қатынасына түсудің «артықшылықтарын» айтып берді
Жаңалықтар Қоғам

Қазақ қызы шетелдік азаматпен төсек қатынасына түсудің «артықшылықтарын» айтып берді

Рассказать Вконтакте

Астаналық Ұлпан есімді бойжеткен шетел азаматымен төсек қатынасына түсудің артықшылықтарын айтып, желіні шулатты деп хабарлайды Instagram желісіндегі esil.media парақшасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Қазақ қызы шетелдік азаматпен төсек қатынасына түсудің «артықшылықтарын» айтып берді

Қазақ қызы шетелдік азаматпен төсек қатынасына түсудің «артықшылықтарын» айтып берді
Source: UGC

Елордалық Ұлпан есімді бойжеткен Израильде өткен біліктілікті арттыру курсында колумбиялық азаматпен танысып, кездесудің соңы махаббат хикаясына ұласқанын айтып берді. Арудың сөзіне сенсек, 35 жастағы Алехандро оның жүрегін «төсек қатынасымен» жаулап алған екен.

«Біздің алғашқы танысуымыз әуежайда, трансферді күткен сәтімізде болды. Маған бір топ адамдардың ішінен орта жастағы бір ер адам қол бұлғай бастады. Сөйтсем ол Алехандро екен, осылайша біз жақынырақ танысып, араласа бастадық»,-деп әңгімесін бастады бойжеткен.

Астаналық арудың айтуынша, Алехандро алғаш күннен бастап-ақ оған ыстық ықыласын білдіріп, өз қамқорлығын барынша көрсетуге тырысқан. Ер адамның бұл қылығына бастапқыда мән бермеген бойжеткен, кейін оған қалай ғашық болғанын білмей қалдым дейді. Сондай-ақ, ару шетел азаматының төсек қатынасында да «ерекше» екенін атап өткен.

«Шетел азаматтары ұялу, қымсыну дегенді көп біле бермейді. Алехандро да дәл солай. Ал, қазақ жігіттері керісінше, не айтсаң да, ұялып тұрады. Мен мұндайды адамның ішкі комплексі деп білемін. Мысалы, Алехандро Австралия, Жапония, Индонезия, Германия, Египет, АҚШ-та болған, оның ой-өрісі кең. Әзірге оның бойынан қандай да бір мін таппадым. Бәлкім бұл менің оған көзсіз ғашық болуымнан шығар...
Сосын, тағы бір айтарым, бізде қазақтарда ерлердің немесе әйел адамдардың өзге адамдармен танысып, олармен сырласуы сияқты дүниелерге сыни көзбен қарайды. Әрине, басында мен де ондайды түсінбей, сүйіктімді қызғанғаным рас. Бірақ, өзге елдерде ол қалыпты жағдай, егер сүйіктің өзге бойжеткендермен дос ретінде араласса, онда тұрған ештеңе жоқ деп санаймын »,-дейді Ұлпан.

Сұхбат соңында, бойжеткен колумбиялық азаматқа тұрмысқа шығып, онымен бас қосуға қарсы емес екенін алға тартты.

«Ата-анам қарсы болатын шығар. Бірақ бұл менің шешімім, егер тағдырым солай болса, өзге елге кетуге дайынмын. Себебі, әзірге елімізде өз жұбымды кездестірмедім»,-деп сөзін қорытындылады бойжеткен.

Сіздің реакцияңыз
115
19
5
8
3
25
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel