RU
14 жыл бойы аяғын ұсқынсыз санаған бойжеткен модельдік бизнеске бет бұрды
Жаңалықтар Калейдоскоп

14 жыл бойы аяғын ұсқынсыз санаған бойжеткен модельдік бизнеске бет бұрды

Рассказать Вконтакте

Берланж Пресилус 14 жыл бойы ұсқынсыз санаған аяғын өзгелер назарынан барынша жасырып келді. Оған, өте сирек кездесетін Клиппель-Тренеунай синдромы себепші болған. Ауыр дертке қарамастан, ол өзінің модель болу арманын іске асыра алды деп хабарлайды life.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: life.ru

Фото: life.ru

Берланж кішкентай кезінен бастап аса сирек қан тамырларының ауруына шалдыққан. Дерт кесірінен оның оң аяғында үлкен дақ пайда болып, қан тамырларының варикозды кеңеюіне ұласты.

Фото: life.ru

Фото: life.ru

Мектеп қабырғасында бойжеткенді өз замандастары үнемі кемсітіп, мазаққа айналдырған. Мұндай қорлықтан әбден мезі болған Берланж өз кемшілігін жасырмақ болып, ұзынша келген шалбарларды кие бастады. Араға бірнеше жыл салып, өзін мазақ еткендерге өзінің олардан еш айырмашылығы жоқ екенін дәлелдей алды.

Фото: life.ru

Фото: life.ru

«Мен әрдайым ұзын киім киюге тырысатынмын. Тіпті жаз уақытында да таңдауым аяғымды түгелімен жауып тұратын киімдерге түсетін. Менің аяғымды көре сала, барлығы бірден кемсітуге кірісетін. Көпшіліктің мұндай қорлығынан кейін, өз аяғымды өмірдегі ең ұсқынсыз нәрсеге теңедім»,- дейді Берланж.

Фото: life.ru

Фото: life.ru

Алайда, бойжеткен ешқандай да кемшілік модель болуға кедергі келтірмейтінін және асқақ арман үшін күресу керек екенін қалың көпшілікке дәлелдей алған көрінеді.

Фото: life.ru

Фото: life.ru

«Қазіргі таңдағы сән әлемінің өзі әрбір адам өз бетінше ерекше, әрі сұлу екенін растайды. Заман өзгерген сайын, модельдік бизнесте өзінің мінсіз бейнелер ұстанымын өзгерткен. Менің өмір хикаямды естіп, өзін әлі де жиіркенішті санап жүрген арулар тығылуды қойып, өз шынайылығынан жасқанбаса екен деймін»-деп ағынан жарылды Берланж.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
1
2
6
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel